$ 443.37  474.49  4.83

«Отбасым маңызды»: Нұржан Керменбаев марқұм Жанар Хамитова туралы айтты

Солай бола тұра, ескі махаббатыма барып отыруым керек екен.
Фото: instagram.com/nurzhan_kermenbayev
Фото: instagram.com/nurzhan_kermenbayev

Отандық әнші Нұржан Керменбаев "Өткен шақ" атты альбомында марқұм Жанар Хамитоваға арналған әні бар екенін айтты. Өнер иесі өзіне Жанар Хамитоваға қатысты хейттің әлі күнге айтылатынын баяндап, "Еркін подкастта" көпшілік көкейіндегі сауалға жауап берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол рас. Оны жасырмаймыз. "Сен кеткелі" әні Жанар Хамитоваға арналады. Альбомда да оны тыңдаған адам түсінеді. Ол альбомда тек қана Жанар емес. Ол жерде бастан өткізген тәжірибем бар. Осы жолдан өтіп барып, ханшайымымды табуым керек болды. Психолог ұстаздарымыз "Өткен шаққа өкінбеу керек. Оны еске алып, езгілей берсең, қазіргі өміріңе кедергі болады. Оны тәжірибе ретінде қабылдау керек" дейді. Содан кейін барып ойша да, былай да қабылдай бастадым. Бір кезеңдер болды. Психологиялық тұрғыдан қабылдамағаннан кейін, есіме алғым келмейтін, әттеген-ай дейтін кездер болды. Оны тәжірибе деп қабылдағаннан кейін, осы парақшаны жабуым керек деп, арнайы "Өткен шақ" деген альбом жасадым. Мәселе сол ғана, - деді әнші.

Сонымен қатар Нұржан Керменбаев өзіне Жанар Хамитоваға қатысты хейттің әлі күнге айтылатынын баяндады, деп жазды kaz.nur.kz.

Жанар шығармашылыққа қайта оралып, Алматыға келгенде неге қолдамадың" деп әлі күнге жазады. Сол кезде хейт жауды. Қателеспесем, ол кезде менің отбасым, екі балам бар. Солай бола тұра, ескі махаббатыма барып отыруым керек екен. Біріншіден, мұны отбасым дұрыс түсінбейтін еді. Екіншіден, қасықтап жинаған абыройымды бағдарламаның рейтінгі үшін төгетін жайым жоқ. Маған журналист хабарласып, "Жанар келді. Сіз келсеңіз" деді. Мен бармайтынымды айттым. Оның өзінің себептері бар. Сонымен тақырып жабылды. Мені дұрыс түсініңіздер, менің қазіргі отбасым маңызды. Оның да өз отбасы, екі баласы болған. Мұны не үшін қазір айтып отырмын? Осы альбомды жазарда, мен келіншегіме бәрін айтып, түсіндірдім. "Бірінші альбом өткен шақ туралы болады. Ескі махаббаттарыма арналады. Соның ішінде Жәкең де бар" деп айттым. Әйелім "Менің сізге сұрағым бар. Шынайы жауап берсеңіз, жарайды" деді. Сол себепті де қазір айта аламын. Бірақ, ол кезде келіншегім Назерке дұрыс түсінбейтін еді, - деді Нұржан Керменбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары