$ 494.87  520.65  4.91

«1 млн 200 мың теңге»: Танымал блогер Мадлен өзімен үш сағаттық кездесудің құнын жариялады

Жігіттер үшін сәл қымбаттау болады.
Фото: ©instagram.com/_m_a_d_l_e_n
Фото: ©instagram.com/_m_a_d_l_e_n

Блогер өзімен кездескісі келетін қыздарға ұсыныс жариялады. Ол ақылы түрде кездесу ұйымдастыратынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мен сені өз көлігіммен алып кетемін. Екеуіміздің оңаша қалып, сөйлесуге үш сағат уақытымыз болады. Тек сен және мен жан сырымызды ақтарамыз. Сырларыңмен бөлісесің, мен саған өз құпияларыды айтамын. Тамақтанамыз, ішеміз, әңгіме айтып, энергия алмасамыз, - деп жазды Мадлен.

Үш сағаттық кездесудің құны – 1 миллион 200 мың теңге.

Барлығы үш кездесу болады. Бір кездесудің бағасы – 1 миллион 200 мың теңге. Мен өз уақытымды бағалаймын. Тек қана қыздар. Жігіттер үшін сәл қымбаттау болады, - дейді танымал блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары