Әнші Мақпал Исабекованың әкесі осыдан он күн бұрын өмірден өткенін жазды. Әнші Instagram парақшасында марқұм әкесі жайлы жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Міне, сенсіз он күн өтті. Сен өмір бойы жанымда едің, қазір сағымға айналдың. Біз мұндайға дайын сияқты едік. Алайда, ол мүмкін емес екен. Сен жайлы ойласам, кеудеме өксік тығылады. Ұлымның алдында жыламауға тырысамын. "Алға, қызым" деген сөзіңмен үнемі қолдап, қорған болатын едің. Мен өзімді жалғыз сезінемін. Алыста болсаңдар да, сендердің бар екендеріңді білетін едім. Енді үнемі хабарласып, бірнәрсе сұрап, жауабын естіместен өзіңнің әңгімеңді айтпайсың. Сенімен сөйлескенде, оның соңғы екенін білмеппін.
Сен кетпеуімді өтіндің. Алайда сені тыңдамадым. Қайта келіп үлгеремін деп ойлайдым. Бірақ үлгермейтінімді санаммен сезініп едім. Әкемнен соңғы рет "Саған ризамын, қызым", "Құдай бере салған күнім", "Қайда жүрсеңдер де, аман жүріңдер", "Мықты бол" деген сөздерді естідім. Әкешім, орыныңның бөлек екенін неге кеткеніңде ғана біліп отырмын, қайран өмір-ай?! Жаныңның қалай қиналғанын бір Алла мен өзің ғана білетін шығарсың.
Әкешім, асқар тауым, мәңгі мекеніңе қайттың. Қанша жыласақ та, өмір ағысына көніп отырмыз. Амал қанша? Жаның жәннатта болсын, иманың саламат болсын", - деп жазды Мақпал Исабекова.