Танымал мобилограф Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада Тұрлаш Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында күйеуіне қандай жағдайда тоқал алуға рұқсат беретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Күйеуім қолы ашық азамат. Сондай-ақ ол аяқ киім жақсы көреді. Әр іс-сапарында маған аяқ киім алып келеді, – дейді Гүлзада Тұрлаш.
Бейбіт Әлібеков “Мынадан кейін қыздардың бәрі Қыранға екінші әйел болғысы келетін шығар. Сен содан қорықпайсың ба?” деп сұрақ қойды.
Мен бұл туралы Қыранның өзіне де айтқанмын, егер маған жеке ұшақ пен әлемнің мен қалаған қалаларынан вилла алып берсе тоқал алуға рұқсат беремін. Қалаған дүниеме қол жеткізіп, армандарым таусылғанда “тоқал ал” деп айтамын, – деп жауап берді.
Қыран Талапбек тоқал алу үшін әйеліне қымбат сыйлықтар сыйлайтынын айтып, әзілдеді.