$ 444.14  477.05  4.85

«Байдан өлді ме?»: Меруерт Түсіпбаева 4 жасар баланың өліміне қатысты жанайқайын айтты

Бізде ату жазасы жоқ қой… әттең... МЕН ӨЗІМ АТАР ЕДІМ!
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

Белгілі әнші, эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева Алматыда өгей әкесі ұрып өлтірілген 4 жасар баланың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көптен пост жазбағанын, бірақ жоғарыдағы жағдай оны бей-жай  қалдырмағанын айтты.

Достарым!!! Көптен пост жазбадым… Жаз бойы той- тойлап, қыз ұзаттық, енді студенттерде сабақ басталды, уй жөндеу, бітпейтін күйбең тірлік… Кешеден бері  сайттар жарыса жазып жатқан,  Алматыда болған хайуандық маза бермеді. Қолыма қалам алғызды. 4 жасар шешесімен тұрып жатқан ботақанды, сол айелдің 19 жасар ашынасы (сожитель - любовник) ұрып, іш құрылысын, езіп жіберген, обал-ай онымен қоймай, балабақшасына апарып тастаған… Әйтеуір, “суға батпайтын“ тәрбиешілер бар ғой, жаман ана ақыл берген ғой... Өлсе, солардан көрерміз деп…

Өнер иесі мерт болған баланың анасы ардақты атқа лайық еместігін айтып қынжылды.

Мисыз, ессіз айел туралы - АНА деп жазуға қолым бармады… Артық кетсем , кешіріңіздер…Неқылған бешеная матка, байдан өлді ме?! Мыңдаған айел бір балаға зар болып отырғанда, сап-сау , өсіп қалған баланы ұрып өлтіргені несі?! Қатыгез, жауыздар- ай… Мен талай әйелді білемін, екінші рет тұрмыс құрғысы келсе де, бөтен еркек баламның көзін шұқымасын деп, өз бақытынан бас тартып, баласын жалғыз өзі жетектеп жеткізген…Америкадағыдай Дархан деген боксер еркек емес езді, анау колледжде сабақ беретін, ұстазсымақты - 100 жылға соттау керек!!! Бізде ату жазасы жоқ қой… әттең... МЕН ӨЗІМ АТАР ЕДІМ! P.s. Баланы анау айел (шешесі) өзі ұрған деген ақпарат бар, - деп жазды ол.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары