Белгілі әнші Наркенже Серікбаеваның екінші күйеуі дүниеден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қаралы хабар туралы әншінің өнердегі әпкесі Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қатал тағдыр, адамды жиі алдайсың,
Кәрі ме, жас па, неге қарамайсың?!
Қазір бар адам кейде ертесі жоқ,
Қайғыңнан есті әсте жия алмайсың.
Шүкір деп келе жатқан жандарыңа,
Құдай-ау, неге ғұмыр сыйламайсың?
Наркенже сіңілім, қайғыңа ортақпын. Жолдасыңның иманы саламат болсын. Алла өзіңе сабыр берсін, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары өнер иесінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
“Иманы жолдас болсын. Қазаның арты қайырлы болсын, әпке”, “Иманды болсын”, “Алдынан жарылқасын жатқан жері жайлы болсын”, “Жатқан жеріңіз жайлы болсын”, – деп жазды желідегілер.