Танымал тележүргізуші, актриса Айгүл Мукей Гүлзада Тұрлаштың әйелдерге арналған курсына сын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы тележүргізуші Instagram-парақшасында бөлісті.
Қыран Талапбекті құрметтеймін, талант... Оның да жары да жақсы адам шығар... бірақ мынадай жолмен бітпейтін курстарды сата беру - қайғылы жағдай және өте жаман мысал. Оның айтпағы басқа болғанын жазбай-ақ қойыңдар, мен естігенімді естідім. Қыздар, ақша тапқыларың келеді, түсінемін, "күйеуіңнен ақша сыпырып алу" курсы күлкілі емес, ақылға сыймайды, - деп жазған Айгүл Мүкей.
Естеріңізге сала кетейік, Қыран Талапбектің екінші әйелі Гүлзада Тұрлаш өзінің авторлық курсын әлеуметтік желіде жарнамалаған еді. Онда ол қыз-келіншектерге ер адамнан қалай сыйлық алуды үйрететінін айтады.