$ 494.87  520.65  4.91

«Ақысын төлеймін, психологқа барыңдар»: Гүлзада Тұрлаш өзін сынағандарға жауап берді

Күйеуімнің заңды әрі жалғыз әйелімін.
Фото: ©instagram.com/gulzada_tl
Фото: ©instagram.com/gulzada_tl

Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада Тұрлаш өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы уақытқа дейін үндемей келдім. Бірақ бақытсыз және өзін екінші орынға қоятын әйелдер жайлы сөйлесетін кез келді. Өзін “қоғам қайраткері” деп санайтын кей әйелдер жеке өмірінде ерінің назарынан тыс қалғанына үйреніп қалған. Мені өз парақшасында жариялап, тегін жарнама жасап беріп жатыр. Мен расымен бақытты әйелмін. Өйткені күйеуімнің заңды әрі жалғыз әйелімін. Бірақ “қоғам қайраткерінің” ондай мәртебесі жоқ. Маған жағымсыз пікір жазатындар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе жан жарасы жазылмаған жалғыз әйелдер, арғы жағын айтпай-ақ қояйын. Уайымдамаңдар, қыздар. Менің жекеме жазсаңдар, ақысын төлеймін, психологқа барыңдар. Бұлай жүре беруге болмайды, – деп жазды Гүлзада Тұрлаш.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары