Димаштың әкесі, әнші Қанат Айтбаев әлеуметтік желіде уағыз айтатындар туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, әлеуметтік желі қолданушыларын тыятын заң қабылдануы керек.
Әлеуметтік желі арқылы кім көрінгеннің уағыз айтып, санаға селкеу түсіруіне тыйым салатын заң қабылдамаса болмайтындай жағдайға жеттік-ау, сірә? Ойына келгенін айтып, ұлттық болмысымызды - дәстүрімізді, тілімізді, өнерімізді аяқ асты етіп, қоғамды ірітушілер көбейе бастады ғой?, - деп жазды Қанат Айтбаев.