$ 494.87  520.65  4.91

«Не күтіп тұрғанын ешкім білмейді»: Ерке Есмахан ажырасуға қатысты пікір білдірді

Өмірде неше түрлі тағдырға куә болып жүрсіздер.
Фото: ©instagram.com/Erke_esmahan
Фото: ©instagram.com/Erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан ажырасуға қатысты оқырман сауалына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Сол үшін абайлап сөйлеп, аңдап басқан жөн. Алланың өз есебі бар. Мен өз тақырыбымды айта кетейін. Қарап тұрсаңыздар, біздің жас аралығымызға көп тиіседі. Мысалы, жастары қатарлас, күйеуі үлкен немесе әйелі жас жұптар мәңгі бақи бірге, бақытты болады, ажыраспайды деген қағида жоқ қой?! Өмірде неше түрлі тағдырға куә болып жүрсіздер. Бұл “қыздар, жас жігітке күйеуге шығыңдар” деген сөз емес. Тек бақыттың кілті жасқа, ұлтқа байланысты емес. Жүректің тыныштығын, сыйластықты, құрметті, түсіністікті, іңкәрлікті ұштастыру оңай емес. Ал махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы деген екен. Барлығы екі адамға байланысты. Отбасы болу –үлкен еңбек. Сондықтан шаңырақ көтерген әрбір отбасыға бақыт тілеп өтейік. Алла бұйыртса, екі дүниеде де бірге болу – арман-мақсатымыз, – деп жауап берді Ерке Есмахан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары