04.10.2023, 17:00

«Жасы үлкен біреуге шыққан». Жұлдызай Дүйсенбиева өзі туралы қаңқу сөз тасығандарға жауап берді

Фото: zhuldizay_duisenbieva парақшасынан скрин
Сыртымнан өсек айтып жүргендер үшін.

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық видео жариялады. Бейнежазбадан актрисаның күйеуімен және қызы Аянатпен табиғат аясында демалып жүргенін көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жұлдызай Дүйсенбиева желіде күйеуімен және қызымен бірге түскен бейнежазба жариялады. Актриса бұл видеомен өзі туралы қауесетке нүкте қойғысы келгендей көрінді, деп жазады stan.kz.

Махаббат еркіндікте болуы керек. Ғашық болу – ешкімнен қысылмай, еркелеп жүру. Жүрегім махаббатқа толы, шүкір. Бір-ақ жанға ғашықпын. Ол күннен-күнге күшейіп барады, – деп жазба қалдырды актриса.

Сондай-ақ ол күйеуінің суретін жариялап: “Жұлдызайдың күйеуі жоқ, жасы үлкен біреуге шыққан, содан көрсетуге ұялады екен” деп сыртымнан өсек айтып жүргендер үшін”, – деп жазды.