$ 494.87  520.65  4.91

Белгілі актриса өзінің ұстазына тұрмысқа шыққанын айтты

Іштей “біреу білсе, ұят болады” деп уайымдадым.
Фото: instagram.com/indikosh_s
Фото: instagram.com/indikosh_s

Көпшілікке “Аппақ келін” телесериалындағы Маржан рөлімен танылған отандық театр және кино актрисасы Индира Сабирова Айнұр Ілиясоваға сұхбат берді. Сұхбат барысында актриса жеке өмірі туралы және күйеуімен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мен өнер академиясын тәмамдағанмын. Оқып жүрген кезімде болашақ күйеуім вокалдан сабақ беріп жүрді. Менің ағайым болды. Айналамдағылар: “Мәссаған, ағай ғой” деп жүрді. Менен бес жас үлкен болғандықтан, іштей “біреу білсе, ұят болады” деп уайымдадым. Оның үстіне академияда әңгіме тез тарайды. Біздің кездесіп жүргенімізді барлығы бірден білді. Біз 4-курста жүре бастадық. Сөйтіп бас-аяғы 2 жыл жүріп, 2020 жылы тұрмысқа шықтым, – дейді Индира Сабирова.

Актриса осыдан үш жыл бұрын дүркіретіп той жасай алмағандарын айтты.

Карантин кезі болды. Сәл қиын болды, себебі ресторандарда той жасауға рұқсат бермеді. Ал мен кішкентай кезімнен аппақ көйлек киіп, көп адамға той жасау арманым болды. Ұзату тойымды ресторанның артқы жағынан кіріп, жасырын жасадық. Менің жолдасым Павлодардан. Ол жақта тәртіп қатал болғандықтан, той 50 адамға, үйге жасадық. Қазіргі жастардың тойын көріп, өзімінің тойым болмағанына өкінемін. Бірақ бақытты өмір сүріп жатқаныма шүкірлік айтып, өзімді жинап аламын, – дейді өнер иесі.

Айта кетейік, жас актриса Индира Сабирова “Аппақ келін”, “Первая отрицательная”, “Родной”, “Белгісіз батырлар” сынды отандық кинокартиналарға түсіп, көрерменнің жүрегіне жол тауып үлгерді, деп жазады stan.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары