Актер Тәуелкел Мүсілім шығармашылық өзгерістерге дайын екенін жеткізіп, қоныс аударуға Бофор жағасындағы пәтерін күтіп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Revue news бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Түркиядан пәтер алдық қой. Сол пәтерді күтіп отырмыз. Осы жылдың аяғында дайын болып қалады. Сол жерге барып, сол ортаға кіру жоспарда бар. Жарты жыл, бір жыл сонда жүріп, Стамбул қаласында кастингке қатысып, бағымды сынап көремін, – дейді Тәуекел Мүсілім.