Әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Түркістанда сүйіктісіне сөз салып, саусағына сақина тақты, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өмірімдегі маңызды сәтті ақылдасу үшін 2 күн бұрын киелі Түркістанға бардым. Түбім Түркістаннан болған соң Индираға осы жерде сөз салуды қаладым. Кешкі сағат 9-да бәрі болады. Экран ашылып, оннан нөлге дейін кері есеп кетеді. Одан кейін отшашу атылып, мен гүл беремін, – дейді ол.
Сондай-ақ Заңғар Нұртас Instagram-парақшасында «Бақытты сәтімізден» деген жазба қалдырды.
Еркетай, еркем менің жалғызым, Табиғатың ерекше, дарамысың? Өмірдің ақ, қарасын бірге төзіп, Мәңгілік сүйікті жарым болармысың, – деген Заңғар Нұртас желіге қуанышты сәттерін бейнелейтін видео жариялады.
Желі қолданушылары екі жасты құттықтап, жылы пікірлерін жазып жатыр.