11.10.2023, 15:00

Әнші Гүлнұр Оразымбетова желіде анасына жазба арнады

Фото: @gulnurorazymbetova
Үнемі айтатын сөзі: «Келін болып түскен үйіңнің әңгімесін маған тасымаңдар».

Әнші, тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова Instagram парақшасында анасына жазба арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Анашым… Кемпірдің қызымын ғой, бірақ соңғы уақытта анамның бетінен сүйіп, құшақтап, еркелейтін болыппын. Өзі де бұрын “Қой, ары бар, енемнен ұят болар” деп шошитын. Ешкім жоқта құшақтап, сағынышымды басып аламын. Үнемі айтатын сөзі: “Келін болып түскен үйіңнің әңгімесін маған тасымаңдар. Ата-енеңді сыйлаңдар, жолдасыңның жағдайын жаса, алды-артыңды жиыстырып жүр, дастархандарың әрқашанда жаюлы болсын. Келген қонағыңа күліп отырып шайыңды құй”. Менде ұлдар болған соң “Әке мен ұл баланың арасына түспе, оларға темірдей тәртіп керек, араласпа” дейді. Барлық сөзі орынды… Ата-ана баласына тек жақсы болсын дейді ғой, дұрыс қабылдай білейік. Аман болайық,- деп жазды әнші.