$ 494.87  520.65  4.91

«Әлі сене алар емеспін»: Наркенже Серікбаева кенеттен қайтыс болған күйеуі туралы айтты

Қазір енді жалғыз қалып, жапан даланы жалғыз кезген адам секілді болып отырмын.
Фото: instagram.com/abdilhamidkulimbetov
Фото: instagram.com/abdilhamidkulimbetov

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның күйеуі кенеттен қайтыс болған еді. Өнер иесі желідегі парақшасында қаралы хабарға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Құдай-ау, неге ғұмыр сыйламайсың?». Наркенже Серікбаеваның екінші күйеуі қайтыс болды

Әнші желіде дәл осы себепті көптен бері көрінбей жүргенін айтқан.

Көптен бері әлеуметтік желіге шықпай кеттім. Оның бірден-бір себебі: кеше ғана отбасымда қайғылы жағдай болып, менің Құдай қосқан қосағым, тірегім, баламның әкесі мәңгілік сапарға аттанды. Қабырғамыз қайысып, басымыздан сынақ өтіп жатқаны бәріңізге белгілі.

Бұл жайт Наркенже Серікбаеваға қатты әсер етсе де, Алланың ісіне көнетінін айтады.

Алдымызда қанша арман, мақсаттарымыз бар еді. Қазір енді жалғыз қалып, жапан даланы жалғыз кезген адам секілді болып отырмын. Маған оңай болмай жатыр. Жалғыздықтың мұңын кешіп, жүрегімнің ауырғаны жаныма батып, кеше ғана жанымда жүрген өмірлік серігім бүгін ортамызда болмағаны өте қатты қажытып жатыр. Әлі сене алар емеспін, бір түс секілді. Иә, бұл Алланың ісі. Алланың дегеніне көнеміз. Мұндай жағдайды ешкімнің басына салмасын. Сіздердің қолдауларыңызды естідім, көрдім. Жалған өмірдің жарығы ендігі уақытта жақсылықпен жансын деген ниеттемін, - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары