$ 443.72  482.28  4.9

Сәкен Майғазиев мінген көліктің тас-талқаны шықты (ВИДЕО)

Тыңдармандары әншіге амандық тіледі.
Фото: saken_maigaziyev
Фото: saken_maigaziyev

«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев Сарыағашқа бара жатқан кезде жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші басынан өткен оқиға туралы әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялады. Ол жариялаған видеода көліктің быт-шыты шыққаны анық көрініп тұр. 

Жолда сақ болыңыздар! Бір Алла қақты! Сарыағашқа келе жатыр едік. Осындай жағдай болды. Бәрі жақсы болсын. Бәле-жаладан сақтасын. Абайлап, асықпай жүріңіздер! Жол тар, көлік көп. Бір-бірімізді басып озамыз деп осылай болды. Алла жар болсын. Аман қалғанымызға Аллаға шүкір, – деді Сәкен Майғазиев.

Әнші оқыс жағдайдан кейін өзіне жазып, алаңдап жатқан тыңдармандарына алғысын білдірді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары