$ 442.05  474.14  4.74

Айдана Меденова марқұм ата-анасы туралы айтты

Ата-анам менің бос отырып қалуыма мүмкіндік бермейтін.
Фото: @aidanamedenova_officialpage
Фото: @aidanamedenova_officialpage

Әнші Айдана Меденова әлеуметтік желіде оқырмандарына өмірден өткен ата-анасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Менің отбасым Семей қаласынан. Мен шығармашылыққа жақын ұстаздар отбасында өстім. Әкем – суретші, анам – физик-математик. Негізі бәрі музыкант. Менің балалық шағым – мүлдем бөлек әңгіме. Ата-анам менің бос отырып қалуыма мүмкіндік бермейтін. Ол үшін әке-шешеме алғыс айтамын. Олардың қазір жанымда болмағын өкінішті. Бірақ осындай адамдардың менің өмірімде болғанына, маған өмір сыйлап, махаббатқа бөлеп, тәрбие бергеніне Аллаға шүкір айтамын.

Ешкім мәңгілік емес. Ата-анамыз көзі тірісінде намаз оқымаса, балалары олар үшін дұға тілей алады. Біз олардың жағдайын жеңілдете аламыз. Адамның ең жақсысы –саналы ұрпақ қалдырғаны. Салиқалы ұрпақ тәрбиелеген адам мына өмірде де, ана дүниеде де жақсылыққа кенелмек, – дейді Айдана Меденова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары