16.10.2023, 03:30

«Біреу зорлап жатқандай сезімде тұрмын». Әнші Қарлығаш орамалын шешті

Фото: kuanysh karlygash инстаграм парақшасынан
Күйеуімнің рұқсатымен, жолдасым шеш дегеннен кейін маған орамалды шешуге тура келді.

Қуаныш&Қарлығаш деп танылған жұлдызды жұп отбасындағы жаңалығын бөлісті. Бір кездері орамал таққан әнші Қарлығаш орамалын шешті. Әншінің бұл әрекетін көпшілік талқыға салды. Осы ретте әншінің өзі желідегі парақшасында орамалын не себепті шешкенін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі эстрада әншісі орамалы үшін көптеген кедергіден өтіп, ұдайы сын пікірмен күресіп келе жатқанын бөлісті. Әншінің айтуынша, орамалды шешу күйеуінің шешімі болған.

Менің оқырмандарыш кешеден бері таңғалып жатыр. Иә, түсінем, маған да оңай емес, бұл енді үлкен жауапкершілік. Бірақ біз отбасымызбен үлкен жиналыс болып, үлкен осындай қадамға бардым. Бұл қадамға барудағы себебім, отбасымды сақтап қалу. Күйеуімнің рұқсатымен, жолдасым шеш дегеннен кейін маған орамалды шешуге тура келді. Жалпы, ешкімге зиянымды тигізгім келмейді. Сондықтан әркім тіліміз бен жүрегімізге ие болсақ деп ойлаймын. Ешкімді кінәламаймын, бірақ осындай отбасымызда үлкен шешім қабылдауға тура келді. Өйткені біздің жұмысымыз деген сияқты. Барлық жауапкершілік өзім үшін.

Орамалға келу қиын деп жатады ғой, негізі орамалдан кету қиын екен. Мен ешқашан бұлай халық алдына жылап шықпағанмын. Бірақ мұның жауапкершілігі өте үлкен, мен үшін басқа қыздарға зиян тигенін қаламаймын. Бұл дәл қазір отбасымыз үшін қажет нәрсе, сондықтан осындай шешім қабылданды. Ешкімнің алдында ақталмаймын, тек ішкі сезіміммен бөлісіп отырмын. Біреу мені зорлап жатқандай сезімде тұрмын, - деді эстрада жұлдызы.

Сонымен қатар әнші Қарлығаш мұндай шешімге келуге оқырмандардың жағымсыз пікірі түрткі болғанын айтты.

"Анасы мен баласы", "Ұятқа қалғанша одан да түспей-ақ қоймай ма", "Жігітке толу керек. Екеуі жұп сияқты көрінбей тұр. Келіншек үлкен екені көрініп тұр", "Кешіріңіз, артық айтсам! Қуаныш балаңыз ұқсап тұр. Өзіңіз түсе бермедіңіз бе?", "Мамасы мен баласы сияқты", "Ойбай, сүзейін деп тұрған бұқа сияқты ғой, масқара. Қасындағы қорқып тұрған бала ғой көзін жыпылық-жыпылық етіп тұр. Күйеу бала жақсы, момындау сияқты сырт көзге, ал анау нағыз жылан, сұмдық", "Әйелде ғана образ, ал еркекте қызыл лента ма? Өмірде де көр болған еркек қой мынау", - деген пікір қалдырып отырған желі қолданушылары.

Әнші осы сынды пікірлерге жауап берген.

Сондай музыканттарды қор қылдыңыздар-ау, намысына тиіп. Бір отбасын шайқалтуға дейін алып келдіңіздер. Сөзге де абай болыңыздар! - деп жазды ол.

Әнші Қарлығаш мұндай шешім қабылдау күйеуіне де оңай болмағанын атап өтті.

Одан да басқа себеп өте көп. Күйеуімнің айтқаны мен үшін заң. Ваннаның халатымен шыққанымды қаламайтын жолдасым мұндай шешімге жай келмеді. Бәрі уақытша, өнер де... - деп аяқтады Қарлығаш.