17.10.2023, 22:30

«Ұлы дала баласы ұлы даланы сыпыруда»: Төреғали Төреәлі сот үкімін орындап жүрген видеосын жариялады

Фото: видеодан скриншот
Әлбетте, әнұраны, көк туы бар елдің міндетті түрде заңы болады.

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі сот шешімі бойынша 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған болатын. Бүгін әнші әлеуметтік желіде өзінің көше сыпырып жүрген видеосын жариялап, сот жазасын орындап жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соттың шешімі бойынша, 40 сағаттық қоғамдық жұмыс тапсырған болатын. Түске дейін саябақта болдық. Енді осы жерді тазалап жатырмыз. Бұл менің тәуелсіз Отаным, тәуелсіз елім, тәуелсіз жерім, тәуелсіз Қазақстаным. Әлбетте, әнұраны, көк туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңның алдында барлығымыз бірдейміз. Оған бағынуымыз керек. Міне, ұлы дала баласы ұлы даланы сыпырып жатыр. Мұның еш әбестігі жоқ. Керісінше, тазалық сақтау – сүннет. Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертең ас ішетін ыдысыңды бүгін жуып қою деген тазалық. Ал тазалық иманнан емес пе?, - дейді әнші бейнежазбада.