Абай Бегей үлкен ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Өнер иесі Instagram парақшасында ұлы мен келінінің үйлену тойы қалай өткенін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тойдың алдында Абай Бегей үлкен ұлы Жалғастың сүйіктісін Шымкент өңірінен ұзатып әкеліп, беташар өткізген болатын.
Той вайбы. Той қызып жатыр, - деп жазды әншінің қызы әлеуметтік желіде.
Әншінің қуанышына ортақтасып өнердегі әріптестері мен достары келген. Той қонақтарының арасында Төреғали Төреәлі, Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтер, Роза Әлқожа, Ұлықпан Жолдасов бар.
Абай Бегейдің үлкен ұлы Жалғас үйлену тойында марқұм болған туған анасына хат арнады. Хатты той төрінде оқығанда, жиналған қонақтардың бәрі көз-жасына ерік берген.