$ 494.87  520.65  4.91

«4 миллион 200 мың теңге»: Дастан Оразбеков ұлының жекеменшік мектепте оқитынын айтты

Менің ойымша, әр ата-ана баласының жағдайын қарап береді ғой.
Фото: instagram.com/dastanello
Фото: instagram.com/dastanello

Танымал әнші Дастан Оразбеков “Revue news” бағдарламасында отбасы жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дастан Оразбеков Алдияр және Демирел есімді екі ұл тәрбиелеп отыр. Өнер иесі уақытының тығыздығына қарамастан, балаларының өміріндегі маңызды сәттерде жанынан табылатынын айтты, деп жазады Stan.kz.

Екінші ұлым Демирелмен көбірек уақыт өткіздім. Алдияр дүниеге келген кезде өзім жалындаған жас едім. 25 жаста болатынмын. Өзіме-өзім есеп берсем, балаларымның бірде-бір маңызды сәттерін жіберіп алмаппын, – дейді әнші. 

Дастан Оразбековтің екінші ұлы биыл мектеп табалдырығын аттады.

Екінші ұлымның оқу ақысы 4 миллион 200 мың теңге. Иә, балам жекеменшік мектепке оқиды. Менің ойымша, әр ата-ана баласының жағдайын қарап береді ғой. Мен балаларымның оқуына қатты мән беремін. Үлкен ұлым Алдияр Haileybury-де, одан да қымбат мектепте оқыды. Екеуі қазір бір мектепке барып жүр, – дейді Дастан Оразбеков. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары