Танымал әнші Ерке Есмахан жүктілік кезіндегі әсерімен бөлісіп, бойындағы өзгерістер жайлы ашып айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бөпеміз дүниеге келгенше ұйықтап алуғы тырысып жүрміз. Бірақ мен ерте тұрып кете беремін. Ал әкесінің ұйқысы жақсы. Менің қазіргі күйімді сіздерге айтып жеткізе алмаймын. Алла шүкірден басқа айтарым жоқ. Жүрегімнің ішіндегі жүргеімнің өз режимі бар. Күнде таңертең мені осындай ғажап күйге түсіреді. Мерзімім жақындаған сайын жату да ыңғасыйз. Бөпем де жыбырлақ. Қысқасы бір-бірімізбен кездесуге асығып жүрміз. Мен негізі ұйқының адамымын. Іштен, қуықтан, өкпеден тепкілеп, ұйқымнан оятып, бұл кішкентай мені жеңіп тұр. Анау-мынауға жеңіле қоймайтын едім. Босанған соң әкесі мен ағасына ұстатам да, өзім ұйықтаймын деп отырмын. Қайдам бірақ..., – деп жазды Ерке Есмахан.