$ 494.87  520.65  4.91

Абай Бегей құдалықта әйелімен бірге төсекте аунап, жұрттың сынына қалды (ВИДЕО)

Бүгін құдалармен туысқандығымызға мөр қойылып жатыр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жуырда келін түсірген әнші Абай Бегей құдалық жасады. Шымкент өңірімен құда болған ол, оңтүстіктің салт-дәстүрін көріп көріп таңғалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Құдалықта келіннің төркіні жасау алып келіп, жүк көрсетті. Абай Бегей мен әйелі келіннің артынан келген көрпеге жатып, аунап, ырымын жасады. Әншінің өзі де “Мұндай да бар екен ғой” деп таңғалды.

Құдалық, жүк көрсету. Басқа қаладан қыз алғанның өз қызықтары бар екен, Маңғыстауда жоқ салттарды көріп қызықтап жүрміз. Барынша екі жаққа ортақ қылып жасадық. Төрт күн қатарынан көріп, құдалармен туысқандығымызға бүгін мөр қойылып жатыр. Шымкент Алматы арасында алтын көпір салынды, тек осындай жақсы күндерде жолығайық. Құда-құдағиымызға риза болдық, неше күннен бері түрлі сый-сияпат, гауһар тас, шапандарын жаудырып жатыр. Жастар бақытты болсын, - деп жазды әншінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әншінің әйелімен бірге көпшіліктің көзінше төсекте аунағанын көрген желі қолданушылары сынай жөнелді.  

Шымкенттің осы дәстүрі бір түрлі”, “Жастардың төсегіне бөтен адам жатуға болмайды”, “Осы тіпті ұят”, “Ерсі көрінеді”, “Бұл қайдан шыққан ырым”, “Осы енді дұрыс емес- ау, - деп жазды желідегілер.

Еске салсақ, бұған дейін Абай Бегейдің ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той өткізгенін жазғанбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары