$ 439.4  473.54  4.76

«Оның әлемі басқа»: Гүлзира Айдарбекова ұлының неліктен ажырасқанын айтты (ВИДЕО)

Продюсер ханым олардың шешіміне көнгенімен, арада бала болғанда «бұл отбасыны сақтап қалу үшін барын салар едім» деді.

 

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғар Нұртастың неліктен ажырасқанын айтты. Оның айтуынша, бәрі екіжақты келісіммен болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол журналист, тележүргізуші Мақпал Қаратайға берген сұхбаты барысында ұлы мен келіні отбасылық өмірде бір-бірінің адамы емес екенін түсініп, артынан ажырасуды жөн көргенін жеткізді.

Продюсер ханым олардың шешіміне көнгенімен, «арада бала болғанда бұл отбасыны сақтап қалу үшін барын салар едім» деді.

Қатты қиналдым. Енелік тәрбием дұрыс болмаған соң, келінім кетіп қалған сияқты болды. «Гүлекенің келіні кетіп қалыпты» деген сөздің өзі маған ауыр тиді. Алайда ол мүмкін емес болды. Өйткені ол менің ұлымның өмірлік жары болды. Одан сен қаншама ұрпақ сүйесің. Енді оның іздеген әлемі басқа болды. Біздің әлемге келісе алмағандықтан балам да, өзі де түсінді. Содан кейін жай ғана бөлінгенін қаладық. Олар әлі жас, артында жылап қалды дейтіндей ұрпағы жоқ. Ол жерде бір немере болса мен жабысып қалатын едім. Қандай қиындық болса да шыдайтын едім. Ол да мүмкін өз бақытын тауып қалар. Заңғар да өз бақытын тауып қалар. Екеуі бір-бірінің адамы емес екен ғой деген тұжырымға келдім. Соған көндім, - деді Айдарбекова сұхбат барысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 7
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары