$ 443.37  474.49  4.83

«Мен үшін ешқашан бірінші орында тұрмайсың»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің талабы туралы айтты

Кітап шығарасың ба? Эфир жасайсың ба? Мен жұмысың туралы сұрамаймын.

Фото: instagram.com/sultankyzy
Фото: instagram.com/sultankyzy

Отбасылы болардың алдында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына күйеуі бірнеше талап қойған. Ал оның талабына Ләйлә ханым келіскен. Бұл туралы ол «Жедел сұхбат» бағдарламасындай айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тележүргізушінің айтуынша, күйеуі жұмыс істеуіне қарсы болмаған.

«Осы уақытқа дейін мен тұрмыста болдым. Қайрекең «Маған жұмыс істейтін, менен кейін жұмыстан келетін әйел керек емес. Тұрмысқа шығар кезде саған қоятын шартым: балаңның тамағы, денсаулығы дұрыс болуы керек. Сен өз міндетіңді дұрыс орында. Егер содан артылса, барып тірлігіңді жаса. Мен сенің жұмысыңды сұрамаймын. Кітап шығарасың ба? Эфир жасайсың ба? Мен жұмысың туралы сұрамаймын. Тура солай сен де менің жұмысым жайлы сұрамайсың. Менің жұмыстан қанша табатынымды, бірінші отбасындағы балама қанша табатынымды сұрамайсың. Мен үшін ешқашан бірінші орында тұрмайсың. Ескер» деді. Мен қысым ортасында жүрдім дегім келмейді. Менде белгілі ережелер мен шарттар болды», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Еске салсақ, Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркімбаев былтыр қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 5
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары