$ 494.87  520.65  4.91

«Меломен» тобының әншісі қызына ән арнады (ВИДЕО)

Нәзік жүректі, ақ ботам сол. Сені жылатсам, кешірші!

 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

«Меломен» тобының әншісі Қайрат Мырзаханов қызына арнап, ән жаздырды. Ол әнді көліктің ішінде отырып орындап, қызын қуаныштан жылап жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әкесінің өзіне арнаған әнін тыңдаған әншінің қызы жылап жіберді. Әсерлі сәтті әнші видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

«Сөздің шыны керек, бұлай болады деп ойламадым. Нәзік жүректі, ақ ботам сол. Сені жылатсам, кешірші», – деп жазды әнші.

Әлгі видеоны көрген желі қолданушылары да көзіне жас келгенін жарыса жазды.

«Мен неге жылап отырмын», «Керемет көрініс», «Көп қыздар көрмеген махаббат», «Отбасыңыз аман болсын», «Бақытты болыңыз», – десті көпшілік.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары