$ 494.87  520.65  4.91

«Еркекті қатынға айналдыратын – өзіміз»: Актриса күйеуін жұмсайтын әйелдерді сынады

Әкесін “қызыңның іш киімін ауыстыра салшы” деп жұмсайтын әйелдер бар.

Фото: dariga_badykova инстаграм парақшасынан
Фото: dariga_badykova инстаграм парақшасынан

Танымал актриса, отандық киноларда басты рөлді сомдап жүрген Дариға Бадықова күйеулерін жұмсайтын әйелдерді сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, еркектердің үйдің тірлігіне араласуы дұрыс емес. Отбасында “Еркек – түздің адамы” деген қағидамен өскен әнші жолдасын да жұмсамайтын көрінеді, деп жазады Stan.kz.

Еркекті қатынға айналдыратын – өзіміз. Масқара енді қыз баланы жуындыру, дәретке отырғызу, жаялығын алмастыру деген сияқты жұмысты қалай ер адамға табыстауға болады?! Ұят дегенді білу керек, – дейді актриса. 

Журналист Дина Төлепберген осы жазбасын толықтырып кетуін өтініп, әңгімеге тартты.

Сіз менің не айтқым келіп отырғанын жақсы түсініп отырсыз. Еркек жаялық алмастырғаннан әйелге айналып кетпейді, бірақ ұят дегенді ұмытпауымыз керек. Отбасылық мысалдың бәрін ата-анамнан аламын. Әкем немерелерінің жалаңаш жүргенін көргенде ұрысатын. Мен сол тәрбиені көріп өстім. Әкесін “қызыңның іш киімін ауыстыра салшы” деп жұмсайтын әйелдер бар. Бұл жерде қауіп жоқ, сәби болса да қызының әурет жерін көретін әке ұялуы керек. Мен де қыз тәрбиелеп отырмын. Жолдасым ешқашан қызымның жаялығын алмастырып, іш киімін кигізген емес. Дәретке де отырғызбаған, – деді өнер иесі. 

Бағдарлама көріп отырған көрерменнің пікірі екіге жарылды. Продюсер Гүлзира Айдарбекова актрисаның сөзін қолдап, келісетінін жазды.

Дариға өте дұрыс айтады. Үйде өңшең ер-азаматтар болғасын, қарауға да ұялады. “Іш киімсіз жүргізбеңдерші” деп атасынан бастап ескертіп отырады. Қанша жерден нәресте болса да, ер баланы да, қыз баланы да жалаңбұт жүргізбеген дұрыс. Ер-азаматтың жөргек алмастырғанына қарап қалған ештеңе жоқ. Әйелі күйеуін жұмсағысы кеп бара жатса басқа да тірлік көп. Баланың жаялығын алмастыру – анасының міндеті, – деп актрисаның сөзін қолдады. 

Танымал продюсердің сөзімен келіспей, “Жаялық алмастырғаннан ешқандай ұят көріп тұрған жоқпыз. Әйеліне көмектескеннен еркектің беделі түсіп қалмайды”, – жазып жатқандар да бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары