Ол жақта үйсіз-күйсіз жүрген тұрғын көп.
Танымал блогер әрі PR саласының маманы Әлішер Елікбаев шетелге барғанда тоналған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Басынан өткен оқиға туралы ол «Түнгі студия» бағдарламасында айтып берді.
Әлішер Елікбаевтың айтуынша, өзі бір жылда әлемнің 20 еліне саяхаттайды. Блогер Сан-Франциско қаласында қалай тоналып қалғанын баяндады.
Ол қала менің сүйікті қалам болатын. Қыдырып барғанда көлікті жалға алып, емін-еркін қыдыра беруші едім. Сондай сапардың бірінде ұрыларға тоналып қалдым. Көлігімнің терезесін сындырып, телефоннан бастап, макбук, паспортымды алып кеткен. Бір қызығы, ол жақта үйсіз-күйсіз жүрген тұрғын көп. Сан-Францисконың жергілікті тұрғындары қаланың ішінде емес, сыртында тұрады. Сол қарақшы, ұры-қарылардан сақтану үшін екен. Оны мен білмегенмін, қаланың қақ ортасынан пәтер жалдап, алаңсыз демалып жатқан едім. Ең қызығы, екі сағаттан кейін Алматыға қайтуым керек. Елшілік арқылы шығып, аман-есен елге оралдым, - деп сол сәтті есіне алды.
Блогер алдағы жоспарын да айтып қалды. Европа мен Американы аралап келген ол, алдағы уақытта Африкаға жол тартпақ.