Әнші қазір тұрып жатқан үйінің несиесін күйеуі төлеп бергенін айтты.
Ерке Есмахан үйінің несиесінен қалай құтылғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші қазір тұрып жатқан үйінің несиесін күйеуі төлеп бергенін айтты.
Желі қолданушысы әншіден "бала дүниеге келгеннен кейін осы үйде тұра бересіздер ме?", - деп сұрады. Бұл сұраққа Ерке Есмахан:
Әрине, тұра береміз. Бұл үйді кезінде мен несиеге алып, содан қанша жыл төлеп жүрдім. Карантин кезінде жұмыс жоқ, үйде отырып қалып қиналдым. Раимға күйеуге шығып, арқа сүйеп, жағдайым жақсарып қалды.
Күйеуім несиені жауып, құжаттарды банктен алып бергенде, қуанышымда шек болмады. Шүкір! Қазір ештеңе ойламаймын, рақат. Сондықтан әзірге осы үйде тұрамыз, - деп жауап берді.
Айта кетейік, Ерке Есмахан биыл қаңтар айында өнердегі әріптесі Раимға тұрмысқа шықты.