$ 494.87  520.65  4.91

«Дәстүрге жаңашылдық енгізгім келді»: Гүлзира Айдарбекова келініне не үшін бір сандық сыйлық жасағанын түсіндірді

Өзімнің аналық махаббатымнан туған идея болатын.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал продюсер, халықтың сүйікті әншісі Қайрат Нұртастың анасы тағы да келін түсірді. Айдарбековтер отбасы кенже ұлдары Заңғарды үйлендіріп, құдалық тойын өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Гүлзира Үсенқызының айтуынша, Заңғар үйленемін дегеннен кейін, бірден құдалыққа дайындалған.

Осы келінімізден тек жақсылық, құт-береке күтемін. Баламның әкесін, бауырларын сыйлап, құрметтесе деймін. Қолымыздан келгенше өз отбасындай болуға тырысамыз. “Босаға аттаған шаңырақ – өмірлік үйім” деген ниетпен келсе деп үміттенемін. Заңғар кенже ұл болғандықтан, әбден шашылғанымыз рас. Дүние мен ақшаның орны толады. Ең бастысы – ұрпақ сүйіп, берекелі шаңырақ құру. Құдаларымызға да ең қымбат сыйлықтарды табыстадық. Риза болып, рақмет айтып жатыр. Сонымен бірге болашақ келініме де бір сандық сыйлық ала келдім. Өзімнің аналық махаббатымнан туған идея болатын. Негізі қыздың анасы әкелетін салт қой бұл. Бірақ дәстүрге жаңашылдық енгізгім келді, – дейді продюсер.

Ол жеке парақшасында қай киімнің қайдан алғанын жеке-жеке айтып берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 97
Күлкілі 36
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары