«Қазақтың ақшасын жинап алып, енді лақтырып кетті».
Актриса әрі әнші Әсел Сәдуақасова соңғы кездері жеке өмірі туралы көп айтып жүр. Жуырда ол Дубайғай қоныс аударғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Өнер иесі жуырда тұрмыстағы қиындықтар, жүктілік туралы көлемді сұхбат берген.
Мұндай шешімді күйеуім Мағжан екеуміз ақылдаса келе қабылдадық. Көктемде Балида тұрғанбыз. Сол кезде шетелде тұру туралы ой туындады. Енді күзде Дубайға қоныс аударып жатырмыз. Бұл сәтті ұзақ күттім. Бақыттымын. Жолдасым Қазақстанда қалып, шаруаларын реттейді, ал мен Дубайдағы үйімізде оны күтемін, – деп жазды ол.
Актрисаның қайда тұратыны туралы білген әлеуметтік желі қолданушылары оны даттай жөнелді.
«Осындай сатқындардың сөзін құрту керек», «Қазақтың ақшасын жинап алып, енді лақтырып кетті», «Сол жақта апат болса, елге қашасың» деген секілді жағымсыз пікірді қарша боратты.