Эльмира досыма тиісіп жатыр екен. Ол менің ес білгелі араласатын досым.
«Aspan» радиосын ашып, елді елең еткізген Мейрамбек Беспаевтың басы дауға қалды. Бірер күннен бері әлеуметтік желіде әншіні сынаушылар көбейген. Бұл ретте Бесбаев экс вице-министрді «жемқор» дегендерге жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Stan.kz-тің жазуынша, әншіге кеше Бас прокуратурадан хабарласқан.
Соңғы кезде менің туған күнде айтқан тілегім де әлеуметтік желіге таралып кететін болып жүр. Күні кеше ғана Бас прокуратурадан хабарласып тұр: «Алаяққа жарнама жасапсыз» деп. Сөйтсем айтқан тілегімді бұрмалап жіберіпті, – деп бастады әңгімесін әншінің өзі.
Жаңа жобасына қатысты «Эльмира Суханбердиеваның радиоңызға қандай қатысы бар?» деген сауалды төтесінен қойдық.
Маған жігіттер фейсбуктан бірдеңелер жіберіп жатыр. Онша ашып оқымадым. Бірақ Эльмира досыма тиісіп жатыр екен. Ол менің ес білгелі араласатын досым. Үлкен басшылық қызметтерде істеді. Өте көп көмек қолын созған шын жанашырым. «Жемқор» деп айыптап жатқандары негізсіз. Болғанның өзінде де менің хабарым жоқ. Әңгімені көбейтпеулеріңізді өтінемін! Ол радиоға ақша құйып, мен оның амбассадоры болу туралы жоспарымыз болған емес. Радионы ашу жолында бүкіл идея, еңбек, қаржы – өзімдікі. Радиожүргізушілігіне кастинг жариялағанда арнайы өзім шақырып алдым. Осыдан бір жарым жыл бұрын екі жасар баласы қайтыс болып, қатты күйзеліске түсіп еді. Адамдармен араласып, ойы бөлінсін деп көңілін аулауға тырыстым. Жолдасын да жақсы танимын. Балаларын өз балаларымдай көремін, – деді әнші телефонның ар жағынан.
Еске салсақ, білім беру саласының маманы Аятжан Ахметжан радио ашып жатқан Мейрамбек Беспаевтың жанындағы экс-министр Эльмира Суханбердиеваны көріп, «жемқор» деп айыптаған. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазған болатын.