$ 494.87  520.65  4.91

«Ұят қайда?»: Жартылай жалаңаш суретін жариялаған актер жұртқа жақпай қалды (ФОТО)

Адамдар күледі деп ойлайтынмын. 

 

Фото: @erkebulan_toktar
Фото: @erkebulan_toktar

Актер Еркебұлан Тоқтар қазіргі кезде Голливудта түсірілімде жүр. Ол Лос-Анджелес қаласындағы қонақүйде жартылай жалаңаш түскен суретін әлеуметтік желіге жариялап, оқырмандарының сынына қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Армандар орындалады. Осыдан он жыл бұрын қазақстандық фильмдерде арнайы қатысқан топта ойнадым. Сол кезде қазақстандық фильмде ойнасам деп армандайтынымын. Бұдан бөлек, көпшілікке айтуға ұялатын арманым болды. Ол – Голливуд. Адамдар күледі деп ойлайтынмын. Достар, мен Голливудтамын. Бүгін түсірілім жұмыстарымен келдім. Армандадым. Сол арманыма Алла жеткізді, – деді актер видеода.

Ал кейінірек, Еркебұлан Тоқтар терезе алдында тек сүлгі оранып тұрған суретін Instagram парақшасына жариялады. Әлгі фотоны көрген желі қолданушылары оны дереу сынай жөнелді.

«Күннен-күнге шешініп жатырсың ғой», «Ұят қайда?», «Киім киіп жүрші» десті көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары