Бұл көз жасы трагедия немесе әлсіздік емес. Анам көп нәрсеге көз жұмып, іштен тынды.
Белгілі актер Рамазан Амантай отбасы туралы айтып, көз жасына ерік берді. Ол бұл туралы «Динамен дұрыс» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, анасы өнерден алыс емес.
Анам туралы айтқанда көзіме еріксіз жас келеді. Керемет талант иесі бола тұра, отбасын таңдады. Балаларының өнерлі болғанын қалады. Карьера қумады. Арманынан біз үшін бас тартты. Мен бір-бірін шексіз сүйетін, құрметтейтін ата-ананың баласы болдым. Көріп келе жатқаным – тек әке-шешемнің бір-біріне деген ыстық махаббаты. Шешемнің көп қиындыққа төзгенін ойласам, жылап қаламын. Бұл көз жасы трагедия немесе әлсіздік емес. Анам көп нәрсеге көз жұмып, іштен тынды, – деді актер.
Дегенмен, актер әкесімен қарым-қатынас туралы сұраққа ыңғайсыздана жауап берді.
Анама ешқандай реніш жоқ. Бірақ әкеммен келіспей қалатыным рас. Ол кісінің өз әлемі бар. Екеуміздің көзқарасымыз сәйкес келмейді. Ойымыз бір жерден шықпай қалып жатады. Кез келген мәселеде айтысып қалатынымыз рас. Қатты сөз айтып, ренжітіп аламын ба деп қорқамын. Сондықтан ештеңе айтқым келмейді. Ештеңені өзгертпей өз қалпында қабылдауға тырысып жүрмін, бірақ өте қиын. Әкеме ренішімнің барын жасырмаймын, – деді ол.