$ 494.87  520.65  4.91

Абай Бегей көпшілікке ерсі көрінген әрекетінің себебін түсіндірді

Әншіге ақтаулық достары ренжіген көрінеді.

Фото: nur.kz
Фото: nur.kz

Танымал әнші Абай Бегей "Жұлдызды Weekend" бағдарламасына сұхбат беріп, ұлының құдалығы кезінде неге көрпеге аунағанын түсіндірді, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы

Әншінің әрекеті кейбір жандарға ұнамай қалған. Тіпті әншіге ақтаулық достары ренжіген көрінеді.

Фариза екеумізді көрпеге аунатқан видеомыз әлеуметтік желіге таралып кетті. Қаншама пікір жазылып жатыр. Ақтаулық достарым "бізде мұндай салт жоқ, қайдан шығарып жүрсің" деп ренжіді. Өз басым осындай дәстүр барын білетінмін, батыс өңірінде жоқ болғасын мән беріп, зерттемеген едім. Оңтүстік өңірде бар екен. Қазақтың ежелгі дәстүрінде де болған. Кейін уақыт өте келе қолданыстан шығып қалған, – деді ол.

Шымкенттен келін алған өнер иесі оңтүстік өңірдің салтынан аттап кете алмағанын түсіндірді.

Маған ешкім ондай салт-дәстүрдің барын және ол сол жерде жасалу керегін ескерткен жоқ. Видеода да ыңғайсызданып қалғаным көрініп тұр. Бірақ келінімнің 85-ке келген әжесі отыр, жасы мен жолы үлкен құдағайларым отырғасын солардың алдында шалқаймайын дедім. Бірақ ешқандай ұят болатындай әрекет жасамадым. Ерсі қылық, артық қимыл болған емес. Тек қазақтың ескі-салт дәстүрі деп қабылдаңыздар дегім келеді. Артық кеткен болсам, кешірім сұраймын, - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары