22.11.2023, 11:20

Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы мен жаңа түскен келінінің жаңалығын бөлісті

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Жас жұбайлар жақында шетелге көшуді жоспарлаған.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова жақында келін түсіріп, үшінші ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Халық алдында жүрген продюсер  "Ұйқым келмейді" бағдарламасында кенже баласы мен келінінің тойдан кейінгі жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, жас жұбайлар жақында шетелге көшуді жоспарлап отыр.

Келіннің бір-екі күн шайын іштім. Бірақ толық жанында болмадық. Алла қаласа, келді ғой енді. Бірақ олар жақында шетелге көшпекші. Жұмыстары біткесін келіп қалар деп отырмыз, - деді Гүлзира Айдарбекова.