Қолымызға ұстатқан ақша 10 мың АҚШ доллары екен. Ол ақшалардың қайдан келіп жатқанын білмейміз.
Ақын Балғынбек Имаш TalkLike YouTube арнасына берген сұхбатында Болат Назарбаевтың өнер адамдарына әрқашан жомарттық танытып, келіскен гонорардан артығымен төлегенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақынның айтуынша, ол Болат Назарбаев мұрындық болған іс-шараларға жиі қатысқан.
Бір мерейтойына барып қалдық. Таныс жігіттер шақырып, үйіне бардық. Ауласына қонақтарын күтті. Құлманбеттің айтысын жасап, сол жерде тұрып қатар-қатар төрт жігіт айтыстық. Бір кезде Болат аға көмекшесін шақырып, үйіне жұмсады. Сүт пісірім уақыттан кейін оралған бір бума ақшаны төртеуімізге ұстата салды. Ол кісінің әртістерге гонорарын артығымен төлейтіні рас. Оның алдында гонарарын алдын-ала төлеп қойған. Келіскен бағамыздың ақшасын салып жіберді. Кейін санасақ қолымызға ұстатқан ақша 10 мың АҚШ доллары екен. Ол ақшалардың қайдан келіп жатқанын білмейміз. Бірақ өнерімізге берген сый деп қабылдадық, – дейді айтыскер.
Алайда Балғынбек Имаштың айтуынша, Болат Назарбаев қазақ тарихында ешкім емес.
Ол кісі тұңғыш президенттің кенже інісі болып қалады. Басқа ештеңе айта алмаймын. Болат Назарбаевтың адамдарымыз деп оның атын жамылып, қоқаң-лоққы көрсетіп жатқандарды көзбен көрдік. Істің ақ-қарасын ажыратсаң, Болатқа мүлдем қатысы жоқтар шығады. Осындай жағдайда ол сүйкімсіз көрініп қалатыны бар. Ағамыз өте ұзақ төсек тартып жатты. Алла сол арқылы оның күнәсін кешіргісі келген шығар, – дейді Балғынбек.