$ 494.87  520.65  4.91

Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы көкпарға барғаны үшін сынағандарға жауап берді

Көкпар болатын жердің жанына қанша киіз үй тігілді. Қазан-қазан тамақ дайындалды.

Фото: Видеодан кадр instagram.com/marhabat.besbaeva
Фото: Видеодан кадр instagram.com/marhabat.besbaeva

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев туған жері Тараз өңірінде көкпар ұйымдастырған болатын. Дүбірлі додаға өнер жұлдыздарымен қатар елімізге белгілі шабандоздар қатысты. Алайда көкпар алаңында жүрген қыз келіншектерді халық аямай сынады. Көкпарға барған әншінің жұбайы Мархабат өзін сынаған көпшілікке Instagram парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқи отырыңыз: «Әйел барса, ат сүрінеді»: Мейрамбек Беспаев ұйымдастырған көкпарға барған әйелдер сынға қалды

Желі қолданушысының бірі Мархабатқа "Көкпарға әйелдер бармайды ғой. Сіздер неге бардыңыздар?", - деп сұрақ қойған.

Әншінің жұбайының айтуынша, әйелдерге көкпарға баруға болайтыны туралы ырымды бұған дейін естімеген.

Мұндайды бірінші рет естіп тұрмын. Әжем мен анам “Көкпарға кішкентайымызда көп баратын едік” деп айтатын. Көкпар болатын жердің жанына қанша киіз үй тігілді. Қазан-қазан тамақ дайындалды. Көкпар басталғанда “Әйелдер бармайды” деп ешкім айтпады. Керісінше, “Барып көрмейсіздер ме?” деді. Көкпар басталғанда барып көріп, қайта жұмысқа кірістік, - деп жауап берді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары