$ 494.87  520.65  4.91

«Әйел барса, ат сүрінеді»: Мейрамбек Беспаев ұйымдастырған көкпарға барған әйелдер сынға қалды

Шілдехана, қырқынан шығаруға ер адамдар бармайтыны секілді көкпарға да әйелдер шақырылмаған.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев туған жері Тараз өңірінде көкпар тойын ұйымдастырды. Дүбірлі додаға өнер жұлдыздарымен қатар елімізге белгілі шабандоздар қатысты. Алайда көкпар алаңында жүрген қыз келіншектерді халық аямай сынады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ел арасында көкпар ойынына әйелдерді баруы жаман ырым саналған. Алайда шабандоздарға жанкүйер болып барғандардың арасында өнер жұлдыздарының жұбайлары да бар. Атап айтсақ: Мейрамбектің әйелі Мархабат, Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара, әнші Диана Исмаил, продюсер Айман Нұразхан бар. 

Аллаға шүкір, тарихта қалатын көкпар болды. Атсалысқан барлық достарымызға алғыс айтамын, – деді Мейрамбектің әйелі Мархабат. 

Айман Нұртаза көкпардың көңілінен шыққанын алға тартты.

Мейрамбек ұйымдастырған көкпарды тамашалап қайттық. 20 мыңға жуық көрермен жиналды. Ұлттық нақышты дәріптейтін той болды. Өзіміз де ұлттық киімдерімізді киіп бардық, – деп жазды Айман Нұразхан. 

Мейрамбек Беспаевтың өзі жеке парақшасына жазба жариялап, көкпарды ұйымдастыруға мұрындық болған жандарға алғыс айтты. Жүлде қоры 25 миллион теңгеге жуықтаған көрінеді.

Мен үшін боладысы да, болғаны да қызық болған көкпарда аяғына жетті. Уақыт тауып келген, көрген, қатысқан,тілекшім болып қасымнан табылған жандардың пікірін естіп, көңіл жайланып жатқан жайы бар. Ең алдымен алғыстың үлкені өздеріңізге. Шу дегеннен салым қазанын толтырып тастап,одан қалса бар қонағымды күтіп, көкпар дейтін аламанның шып-шырғасын шығармай еңбек қылған тілеулестерімнің аты-жөні осы бетке сыймай қалғалы тұр. Сол үшін баршаңызға түгел басымды идім. Осы жолы көкпардың қаншалықты мазмұнды-мағыналы екенін және бұл дәстүрдің қалтарыс-бұлтарысын сезініп толқығаным рас. Ат баптаушы мен палуанның сырт көзге көріне бермейтін шексіз бейнетіне куә болдым. Тарқата берсең таусылмайтын сан тарау машақат не үшін керек болды дейсің?. Айналып келгенде дәстүрін құрметтеген,ата жолынан айнымайтын,қаракерін қамшылап, айбозымен арқаланып додаға тартқан азаматтардың өлшеусіз еңбегіне сүйінесің. Сол үшін тұлпар ұстап, палуан баптаған ағайынға мың алғыс, – деп жазды әнші. 

Алайда халық көкпарға барған әйелдерді сынады. Желі қолданушылары, “Көкпарға әйелдер бармайды”, “Шілдехана, қырқынан шығаруға ер адамдар бармайтыны секілді көкпарға да әйелдер шақырылмаған”, “Әйелдердің көкпарға баруы ырымға жаман” деп сынап жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары