"Ең сұлу келіншек деген атаққа ие боласың" дедім.
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованы атына сай «жұлдыз» етуді уәде еткенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жұлдыздың әке-шешесіне, достарына дастарқан басында "Алла қаласа, Жұлдыз етегін жинап, балалары өссін. Қайраттың Жұлдызы емес, Жұлдыздың өзін жұлдыз етем" деп уәде еттім. Жұлдызға да "Сенің суретің көшеде ілініп тұрады. Ең сұлу келіншек деген атаққа ие боласың" дедім. Бастаймын деп уәде бергеннен кейін осы киноны Жұлдызға түсірттім. Жаман болған жоқ. Сол күннен бастап Жұлдыздың атағы аспандады", - деді Гүлзира Айдарбекова.
Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекова не үшін Жұлдызды ертерек өнер әлеміне әкелмегенін түсіндірді.
Жұлдыз актрисалықты оқыды ғой. "Оны биікке шығарам" деген арманмен келдім. Осы жылдар ішінде ұлды болды, қызды болды. Егер мен Жұлдызды ертерек шығарғанымда, олардың тағдыры мүлде басқаша болар ма еді? Немерелерім туылар ма еді, туылмас па еді?