$ 443.44  480.51  4.88

«Видеоға түсірудің не керегі бар?». Анасының аяғын жуған Жаханның әрекеті талқыға түсті

Әзілкештің анасы жақында ауруханадан шыққан болатын.

Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev
Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev

Анасының аяғын жуған Жахан Отарғалиевтің әрекеті желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы

"Мүмкіндік бар кезде әке мен анамызға қызмет жасайық. Алла шипасын берсін, анашым", - деп жазды актер.

Айта кетейік, әзілкештің анасы жақында ауруханадан шыққан болатын. Видеода актер анасының аяғын сабындап жуып, сүртіп береді.

Ал желі қолданушылары Отарғалиевтың бұл видеосына түрлі пікір білдірді.

"Көрсетпей жуа берсейші", "Видеоға түсірудің не керегі бар?", "Анаңыз сауығып кетсін", "Ата-ананы тірі кезінде бағалау керек", "Жарайсың", "Жақсылықты көрсетпей істеу керек", "Аяғын сүйсей", - деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары