$ 441.66  475.14  4.86

Әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі жағдайын айтты

Бұйыртса 1-2 күнде үйге қайтамыз.

Фото: instagram/raimusican парақшасынан және видеодағы кадрдан алынды
Фото: instagram/raimusican парақшасынан және видеодағы кадрдан алынды

Танымал әнші Еске Есмахан екінші рет босанғаннан кейінгі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол қазіргі жағдайы туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Қазір бақытты сәттер мен ерекше сезімдерді бастан өткізіп жатырмыз. Әрине тәтті күндер мен ұйқысыз түндер де қалыс қалар емес. Әсіресе түнде әкесі екеуміздің жағдайымыз мәз емес болайын деп тұр. Әзірге перзентханадамыз. Жағдайымыз Аллаға шүкір керемет. Бұйыртса 1-2 күнде үйге қайтамыз, – деді  Ерке Есмахан.

Тіпті ол ұлы ата-әжесінің тұңғыш немересі екенін айтты.

Байбақты елінің ұрпағы. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі, – деді әнші.

Оның сөзінше, күйеуі ұлына ерекше махаббатпен қарап жүр.

Бөпені еркелетіп, бағып, қасына ешкімді жолатпай, көтеріп, қолға үйретіп жүрген кім екенін байқаған шығарсыздар, иә? Қызықтар алда бұйыртса, – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін өнерлі жұп Raim мен Ерке Есмаханның ұлды болғанын хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары