28.11.2023, 03:30

«Ол кезде мен сияқты продюсер болған жоқ»: Баян Мақсатқызы алғаш сахнаға шыққан кезін еске алды

Фото: Видеодан кадр

Біз кереметпіз!

Танымал продюсер Баян Алагөзова алғаш сахнаға ән айтып шыққан кезін еске алды. Үш қыздан құралған трио “Ойлайсың ба?” әнін жанды дауыста айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Видеоға назар салсақ, сол жылдары еліміздегі ең танымал музыкалық жобалардың бірі – “Жас қанат” байқауы.

1996 жыл, Бағым Мұхитдинова мен Меруерт Есен. Біз кереметпіз!, – деп жазды продюсер. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қолдап жатса, енді бірі мүлдем даусы жоқ екенін айтып сынады.

“Бағым сіңліңіздің мүлдем даусы жоқ екен, неге музыкалық продюсер етіп алғансыз”, десе енді бірі: “Әндеріңізге би жетіспей тұр, өзіңіз құрған “Кешью” тобының қыздары сияқты билемейсіз бе”, деді.  Баян Мақсатқызы оған: “Ол кезде мен сияқты продюсер болған жоқ”, деп жауап берді.