$ 494.87  520.65  4.91

«Әскер - парыз». Динара Сәтжан ұлының ант беру рәсіміне қатысты (ВИДЕО)

Динара Сәтжан қазан айында ұлын әскерге шығарып салған болатын. 

Фото: : instagram.com/dinarasatzhan
Фото: : instagram.com/dinarasatzhan

Тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының ант беру рәсіміне қатысқанын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, әскерге баруды челлендж жасауға болады. 

Көптен күткен күн, ант беру рәсімі. Біз Даниалды бір жарым ай бойы көрмедік. Байланыс жоқ. Біз сені қатты сағындық. Өз сарбазымызды ерекше мақтан тұтамыз. Еліміздің 18 бен 27 жас аралығындағы бойы 180-ден 195 см-ге дейінгі, білімі орташадан төмен емес, дене бітімі, дені сау азамат Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі айрықша мақсаттағы күштерінің мерзімді әскери қызметінің сарбазы бола алады. Әскер - парыз. Бұл өмір мектебі. Және бұл керемет челлендж, - деп жазды тележүргізуші.

Айта кетейік, Динара Сәтжан қазан айында ұлын әскерге шығарып салған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары