Умраны бұл жерге араластырмайық.
Танымал жас актриса Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желіде жаңа образындағы суреттерін бөлісті. Алайда кейбір оқырмандар оның бұл образын ұнатпай, сынап тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айжұлдыз Адайбекова «Ойың таза болсын! Ең керемет өмірді жоспарла» деген ұранмен жазба жариялап, «Қауіпті әйел» деген атпен жаңа образының фотоларын жариялады.
Өнер адамының бұл «жаңашылдығы» кейбір оқырмандарына ұнамай, сынның астында қалды. Тіпті, «Осыдан кейін Умраға барған деп қалай айтасың» деп жазғандары да болды.
Айжұлдыз оқырманының бұл пікіріне жауап берді.
Өзім үшін бардым, Умраны бұл жерге араластырмайық, - деп жауап берді ол.