$ 494.87  520.65  4.91

«Көрерменнің өзі қызғанышпен қабылдады»: Меруерт Түсіпбаева әнін рұқсатсыз орындаған Ayree-ге өкпелі

Желі қолданушылары рұқсатсыз орындаған Ayree-ні сөгіп, қазіргі жастарды батысқа еліктейтін, әндері ел есінде қалмайтын, бір күндік әншілерге теңеп жатыр.  

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

 

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева қазіргі жастарға өкпелі. Жақында “Қимай сені барамын” әніне жаңа леп берген әнші Ayree-ге өкпелеп жүр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әншінің айтуынша, 30 жылдан бері репертуарынан түспеген әнге жастардың қызығушылығы жоғары. 

Осы күнге дейін “Қимай сені барамын” әнін Мейрамбек Беспаев, Алтынай орындаған болатын. Олар бірауыз маған ескертіп, рұқсат сұраған болатын. Қазіргі эстрадаға аяқ басып жатқан жастар әнімді орындаса қуанамын. Бірақ соңғы орындаған Ayree деген әнші менен рұқсат сұраған жоқ. Соған өкпелеп қалдым. Продюсері де хабарласпады. Олардың шешімдері солай болған шығар. Негізінен рұқсат сұрап, әншіге бірауыз ескертуі керек еді. Ол орындап шыққаннан кейін маған өте көп тыңдарманым жіберді. “Сіздің әніңіз еді”, “Сіз керемет орындайсыз” деп айтты. Көрдіңіз бе, көрерменнің өзі қызғанып жатыр бұл әнді, – дейді әнші. 

Желі қолданушылары рұқсатсыз орындаған Ayree-ні сөгіп, қазіргі жастарды батысқа еліктейтін, әндері ел есінде қалмайтын, бір күндік әншілерге теңеп жатыр.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары