$ 494.87  520.65  4.91

«Оның түбіне жеткен – қазақтың көреалмаушылығы»: Композитор Қалдыбек Құрманәлі Әли Оқапов туралы

Бір ғана кемшілігі – Тасқын Оқапов пен Роза Рымбаеваның баласы.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал композиор Қалдыбек Құрманәлі "Сұрауы бар" бағдарламасында Әли Оқаповтың "Құрмет" орденін алуына қатысты пікір білдірді. Ол жас әншінің тек бір кемшілігі бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол таза кәсіби музыкант. Жастар арасында беделі күшті жігіт. "Құрмет" орденінен гөрі "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріне" лайық адам. Туғанынан бастап, музыкамен ғана айналысып келе жатыр. Қай жерде музыкалық білім бар, бәрін оқып тауысқан адам. Өнердің майын ішкен.

Бір ғана кемшілігі – Тасқын Оқапов пен Роза Рымбаеваның баласы. Атақты адам болу қиын емес. Атақты адамның баласы болу – ең қиыны. Роза Рымбаева "Халық әртісі" атағын 29 жасында алған. Ал баласы қазір 31 жаста. Өнер адамы ретінде айтарым, Әли – кәсіби музыкант. Оған "Құрмет" ордені керек жоқ еді. Билік ұсынды, ол бас тартқан жоқ. Оның түбіне жеткен – қазақтың көреалмаушылығы. Мен Әлиді талантты әрі кәсіби музыкант ретінде мойындаймын, – деді Қалдыбек Құрманәлі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 48
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары