$ 494.87  520.65  4.91

Еркін Нұржанов марқұм анасын еске алып, өкінішін жеткізді

Өнер иесі оған тірісінде көп нәрсе айтып үлгермегеніне өкінішін жеткізді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Белгілі әнші Еркін Нұржанов  "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сұхбат беріп, анасы туралы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

2012 жылы анасынан айырылып қалған өнер иесі оған тірісінде көп нәрсе айтып үлгермегеніне өкінішін жеткізді. Ол бүгінде мүмкіндік болғанда анасын құшақтап, өз сағынышымды басар едім" деді.

Анам 2012 жылы қайтты. Ана дегенде кім болса да қатты толқиды. Анам екеуіміздің байланысымыз ерекше болды. Жалғыз ұл болған соң ба ерекше еркелетіп өсірді. Тіпті үйдің шаруасын жасаттырмайтын. Ауылда тойларда өнер көрсетіп жүргенде таңға жуық келетінбіз үйге. Сол кезде анам таңертен сабаққа бармай-ақ қойсын деп айтатын. Ата-анамыз еркелетті, одан кейін халық еркелетті. Әкем маған ел алдында жүріп, халықтың адамы болған соң "өзіңді салмақты ұста" деп көп айтатын. Содан кейін өзімді үлкен жігіт сезіне бастадым. Анам еркелеткенде "еркелетпеңіз, мен үлкен жігітпін" деп намыстанғанмын. Бір кезде ұйықтап жатсам анам аяғымды, қолымды сүйіп жатыр екен. "Не істеп жатырсыз?" дегенімде "сен ояу кезде еркелеттірмейсің" дейтін. Анама айтылмаған көп нәрсе бар. Құшақтап, сағынышымды басқым келеді. Жылы сөздерді айта алмай қалдым, - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары