$ 494.87  520.65  4.91

Жұлдызай Дүйсенбиева: Ажырасқан жоқпын, уайымдамаңыздар!

Отбасымен өмір әдемі ғой.

Фото: @zhuldizay_duisenbieva
Фото: @zhuldizay_duisenbieva

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ажырасқаны жайлы қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты сауалға жауап берді. Ол ажырасқаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

Жұлдызай сіз кеш тұрмысқа шықтыңыз. Бірақ ажырастыңыз ба? Неге? Отбасымен өмір әдемі ғой. Өмірлік серігіңіз Өмірсерік сіздей әйелден қалай кетті? Ортадағы балаға обал-ай, – деп әлеуметтік желі қолданушыларының бірі актрисаның жазбасының астына жазған.

Ал өнер иесі отбасына қатысты бұл хабарды жоққа шығарды.

Ажырасқан жоқпын. Жолдасым жанымда. Уайымдамаңыздар, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары